Өскемен ЖЭО қатысуымен өткен “Мансап күні”
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/24.11.25_3/24.11.25_3.jpg

Өскемен ЖЭО қатысуымен өткен “Мансап күні”

| Жаңалықтар

2025 жылғы 20 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Өз мансабыңды құр: өз таңдауың, өз мүмкіндіктерің!» атты мансап күні өтті.

Іс-шараға персоналмен жұмыс және әкімшілік мәселелер бөлімінің жетекшісі Салтанат Ақтаева және Корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Наталья Слабодчикова қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттерді, түлектерді, жұмыс берушілерді және болашақ талапкерлерді кәсіби бағдарлау мен мансаптық даму бағытында біріктіретін бірыңғай жүйе қалыптастыру болды.

Мансап күні шеңберінде «Networking: өңірдің өзекті еңбек нарығы» тақырыбында мектептердің кәсіби бағдар берушілеріне арналған сессия өтті. Сессия барысында Наталья Слабодчикова «Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығы жанындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ филиалының қызметі туралы баяндады. Ол техникалық мамандарды сапалы даярлаудың өзектілігін атап өтті:

«Кәсіпқойлық - жүйелі дайындықтан басталады. Кадрларды даярлау - кез келген кәсіпорынның тұрақты дамуының негізі».



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz