Жөндеу компаниясының күнделігі: қала әкімі Жақсылық Омар Өскемен ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді
Бүгін, 2024 жылғы 23 шілдеде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жұмыс сапарымен Өскемен ЖЭО-ға келді
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нугуманов қала басшысы мен БАҚ өкілдерін алдағы 2024-2025 жылыту маусымына дайындық барысы жайлы хабардар етті. Кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы егжей-тегжейлі баяндап, кәсіпорынды аралап, цехтардағы жұмыс үрдісімен тікелей таныстырды. Өздеріңіз білетіндей, жазғы маусым энергетиктер үшін белсенді уақыт, себебі күзгі-қысқы кезеңді толық дайындықпен қарсы алу үшін қажетті жұмыстарды мұқият және уақтылы жүргізу қажет.
- Бүгінгі таңда «Өскемен ЖЭО» ЖШС жоспарланған жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінің 56,2% орындады. Атап айтқанда, №№7,11,12 қазандық агрегаттарына, №№8,9 турбоагрегаттарына ағымдағы жөндеу, сондай-ақ №9 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілді; орындау барысында №13 қазандық агрегаты мен №11 турбоагрегатқа күрделі жөндеу, №№8,14,15 қазандық агрегаттарына кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай - ақ, қосалқы жабдыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде,-деді «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нугуманов.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жабдықты жұмысқа жарамды күйде сақтау бойынша барлық қажетті шараларды іске асырып, өз тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін барынша күш салады. Жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр.