Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының үштен бір бөлігінен астамы аяқталды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/25.06.26/25.06.26.jpg

Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының үштен бір бөлігінен астамы аяқталды

| Жаңалықтар

Бүгінгі таңда біз бұған дейін жазған №7,9 қазандық агрегаттарының, №6 турбоагрегаттың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

№11, 12 және 13 қазандықтарды жөндеу жұмыстары жалғасуда:

  • №11 қазандықта мамандар ауаны жылытуға және қазандық жұмысының тиімділігін арттыруға жауапты жабдықтарды жаңартуда
  • №12 қазандықта буды салқындату мен бөлуге қатысатын элементтерді ауыстыру жүргізілуде, сондай-ақ құбыржолдардың жекелеген учаскелері жаңартылуда.
  • №13 қазандықта бу температурасын реттеуге арналған жабдықты ауыстыру орындалуда.

Сонымен қатар станцияда инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда:

  • Мамыр мен қыркүйек айлары аралығында жерасты өнеркәсіптік су құбыры желілерін күрделі жөндеудің екінші кезеңі жүргізілуде.
  • Маусым айынан бастап орташа қысымды қоректендіруші су құбыржолдарын реконструкциялау жобасының бірінші кезеңі басталды.
  • ОРУ-110 кВ №2 ашық үлестіру құрылғысының электр жабдықтарын жаңғыртудың бірінші кезеңі жалғасуда.

Бұл жұмыстар 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз етуге көмектеседі.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz