Өскемен ЖЭО станцияны кеңейту жобасының мәртебесі туралы хабарлайды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/25.07.25/25_07_25.jpg

Өскемен ЖЭО станцияны кеңейту жобасының мәртебесі туралы хабарлайды

| Жаңалықтар

2025 жылғы 25 шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС «ст. №13 турбиналық агрегатты және ст. №16 қазандық агрегатын салумен станцияны кеңейту» жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Жобаның басты көрсеткіштері:

  • Инвестиция көлемі: 140,3 млрд теңге (ҚР Энергетика министрлігімен инвестициялық келісім аясында).
  • Іске асыру мерзімі: 202-2028 жылдар аралығы.
  • Турбиналық агрегаттың электр қуаты – 100 МВт.
  • Қазандық агрегатының бу өнімділігі – 400 тонна/сағ.
  • Жылу қуатын 130 Гкал/сағ ұлғайту.
  • Заманауи, энергияны үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізу.
  • Құрылыс кезеңінде 500 - ге жуық жұмыс орнын және нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 53 тұрақты жұмыс орнын қалыптастыру.

Тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуы сағатына 1106,9 Гкал құрайды, бұл Өскемен ЖЭО-ның қолда бар қуатынан 331,1 Гкал/сағ артық. Жаңа қазандық пен турбинаның енгізілуімен жылу энергиясының тапшылығы 39% - ға төмендейді және 201 Гкал/сағ құрайтын болды.

Жобаны іске асыру барысы:

  • Жобаны қаржыландыру бойынша «Еуразиялық Даму Банкі» АҚ-мен келіссөздер жүргізілуде.
  • Қуат беру схемасы әзірленіп, «KEGOC» АҚ жүйелік операторымен келісілді.
  • Геологиялық және топографиялық зерттеулер жүргізілді, ғимараттар мен құрылыстарды аспаптық тексеру жүргізілді, жабдықтар мен материалдарды түсіру үшін 50 тонналық тіректі краны сатып алынды, құрылыс алаңы дайындалуда.
  • Жобалауды «Hubei Machinery and Equipment International Limited» консорциумы (ҚХР) және «Құрылысэкспертпроект» ЖШС (ҚР) жүзеге асырады.
  • China Machinery Engineering Group Corporation (ҚХР) компаниясымен EPC-келісімшарттар бойынша келіссөздер жүргізілуде.
  • Инфрақұрылым нысандары мен қосымша электр жеткізу желісі тіреуін орналастыру үшін «Өскемен ЖЭО» ЖШС аумағына іргелес орналасқан екі жер учаскесі сатып алынды.

«Бұл стратегиялық маңызды жоба өңірдің жылу мен электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысын өтеуге бағытталған. Жылу желісіндегі температуралық график артады, сонымен қатар энергия өндіруге жұмсалатын отынның меншікті шығыны азаяды. ЖЭО-ның тозу деңгейі 13,8%-ға төмендейді», — деп атап өтті «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нугуманов.


БАҚ үшін байланысу тәсілдері:
«Өскемен ЖЭО» ЖШС баспасөз қызметі
Телефон: +7 702 889 14 64, +7 777 148 69 98
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған..



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz