ҚКЖ Тұлғалары: Ермек Ахмадиев, қазандық цехының эксплуатация жөніндегі инженері
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/25.09.25.jpg

ҚКЖ Тұлғалары: Ермек Ахмадиев, қазандық цехының эксплуатация жөніндегі инженері

| Жаңалықтар

Ахмадиев Ермек Қайырқанұлы, 1986 ж ШҚО Катон-Қарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келді. Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы техникалық университеттің «Жылу энергетикасы» мамандығына оқуға түсті. 2008 ж аталмыш оқу орнын аяқтап, 4 жыл әр түрлі салада жұмыс атқардым.

2012 ж. қараша айынан бастап Өскемен жылу энергетикалық орталығына жұмысқа орналасты. Еңбек жолы: қазандық цехында бригадир, машинисттің көмекшісі болып бастады. Одан әрі қазандық жабдықтарының қараушысы қызметіне тағайындалды.

2014 ж. бері қазандық цехінің инженері қызметін атқарып келемін. Міндеті: цех жұмысының тиімділігін талдау, жабдықтың жұмыс істеу, сенімділігін бақылау, жөндеу кестесін ұйымдастыру, қазандық жұмысының білімділігін арттыру, қазандықтардың қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалау.

Біздің ЖЭО орталығындағы басты міндетіміз - тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету. Маусым айының - барынша төтенше тасқын кезінде машиналарға ұқыпты қарап, қазандықтарда ақаусыз жұмыс жүргізуге бірлесе күш саламыз. Ауа-райы маусымында қазандықтардың апатсыз, тұрақты жұмыс істеуі үшін, кез келген ақауларды дер кезінде жойып отырамыз.

Ұжымдағы әріптестерім өте ұйымшыл. Бір-бірімізге үнемі зор қолғабыс беріп, көмектесіп отырамызЭнергетика саласы үнемі ізденістерді талап ететін, қызықты және керекті мамандық.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz