Өскемен ЖЭО - шаңғы жарысынан II орын
Облыс энергетика кәсіпорындары арасында өткен шаңғы жарысы қорытындысы бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС командасы 5 команданың ішінде екінші орынды иеленді.
Жарыс барысында қызметкерлеріміз жоғары деңгейдегі физикалық дайындықты, төзімділікті және шынайы командалық рухты көрсетті. Бірінші орынды иеленген Согра ЖЭО-ға жету үшін Өскемен ЖЭО командасына бар болғаны 1 балл жетпеді.
Табандылық, өзара қолдау және нәтижеге деген ұмтылыс кәсіпорынды спорт алаңында лайықты деңгейде танытуға мүмкіндік берді. Бұл нәтиже Өскемен ЖЭО командасының өндірісте ғана емес, спортта да мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!