Командалық энергия виртуалды алаңға шыққанда
Өткен демалыс күндері Өскемен ЖЭО қызметкерлері арасында алғаш рет киберспорт турнирі өтті.
Виртуалды алаң әртүрлі цехтар мен бөлімдердің әріптестерін PlayStation 5 платформасында өткен FIFA 2026 жарысында біріктірді. Өйткені командалық рух пен нәтижеге ұмтылыс тек өндірісте ғана емес, жанды қарым-қатынас пен әділ ойын форматында да маңызды. Өткен матчтар 16 ойыншының да тактикалық ойлау қабілеті мен сенімді ойынын көрсетті. Жеңіс жоғары шеберліктің нәтижесі болып, келесі ойыншылар үздік деп танылды:
- I орын - Иванов Валерий, қазандық цехы;
- II орын - Абешов Айбол, қазандық цехы;
- III орын - Әлімжанов Әлішер, электр цехы.
Айта кету керек, жеңімпаздар сабырлылық пен нағыз спорттық мінезді тек виртуалды алаңда ғана емес, нақты алаңда да көрсетіп жүр. Олар футбол жарыстарының тұрақты қатысушылары. Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, корпоративтік киберспортты лайықты деңгейде көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. Алдағы старттарда жаңа жеңістер, жарқын матчтар және мол энергия тілейміз!