Өскемен ЖЭО мамандары салалық семинарға қатысты
2026 жылғы 13 ақпанда сатып алу және логистика бөлімінің басшысы Естай Хисамбинов пен сатып алу және логистика бөлімінің жетекші маманы Нұржан Әмренов сатып алу мәселелері бойынша семинарға қатысты.
Қатысушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау мен өткізуге қойылатын талаптарды, процедураларды электрондық сүйемелдеу ерекшеліктерін, конкурстық құжаттаманы қалыптастыру тәртібін, сондай-ақ өтінімдермен жұмыс істеу практикасын және конкурстарды өтпеді деп тану жағдайларын зерделеді.
Сатып алу қызметінің ережелеріндегі өзгерістерге, конкурстық құжаттамамен жұмыс істеуге, жеткізушілерді жосықсыз деп тану тәртібіне және 2026 жылға арналған күтілетін заңнамалық жаңалықтарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, 2026 жылы ТМС сатып алу жүйесін дамыту перспективалары мен заңнамадағы өзгерістер қаралды.
Өскемен ЖЭО үшін табиғи монополия субъектісі ретінде сатып алу процедураларының дұрыстығы үлкен маңызға ие. Осы жұмысты ұйымдастыру сапасына станцияның жөндеу науқанын және инвестициялық жобаларын уақтылы іске асыру тікелей байланысты.
Семинарға қатысу Өскемен ЖЭО мамандарына кәсіби білімдерін жаңартуға және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.