Өскемен ЖЭО ел болашағы туралы диалогта: Сенат Төрағасымен кездесуге қатысу
2026 жылғы 25 ақпанда Өскемен жылу электр орталығының жетекші инженері Сырым Өмірзақов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен өткен кездесуге қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы: «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» болды. Мәулен Әшімбаев саяси реформалардың басымдықтары, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс форматтары туралы айтып берді.
Конституциялық өзгерістерді жүзеге асыруға және олардың елдің орнықты әрі ұзақ мерзімді дамуындағы рөліне ерекше назар аударылды.
Сенат Төрағасы атап өткендей, конституциялық реформа тарихи ауқымдағы оқиға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Ол саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік басқарудың заманауи, тиімді моделін қалыптастыруға арналған.