Өскемен ЖЭО-да ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/26.05.26/26.05.26.jpg

Өскемен ЖЭО-да ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда

| Жаңалықтар

Станцияда жылыту маусымына дайындық жалғасып жатыр.

Орташа қысымды №6 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазіргі таңда турбинаның жаңартылған роторы орнатылып, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар генераторды жөндеу жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2025 жылдан бастап ЖЭО-да бас корпус екінші кезегінің реконструкциясы бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Жоба тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін бас корпустың сенімділігі мен сейсмикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.

Жүргізіліп жатқан жөндеу және инвестициялық іс-шаралар жабдықтардың пайдалану сенімділігін арттыруға, ең жоғары жүктемелер кезеңінде технологиялық бұзылулар қаупін азайтуға және жылыту маусымының сапалы өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz