
Өскемен ЖЭО-да ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жөндеу науқаны шеңберінде Өскемен ЖЭО-да негізгі жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Станцияда сенімді отын резерві қалыптастырылуда: қоймада 240 310 тонна көмір жиналған, (49 тәулікке жететін көлем, норматив — 20 тәулік). Жағуға арналған мазут қоры да жеткілікті: 1 774 тонна (33 тәулікке, норматив — 10 тәулік).
- Бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылы 9 қазандық агрегатын жөндеу (3 күрделі, 4 орташа, 2 ағымдағы) және 8 турбоагрегатты жөндеу (2 күрделі, 6 ағымдағы) жоспарланған.
- Бүгінде негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының жалпы орындалу деңгейі - 34%.
- Қазірдің өзінде №7 және №9 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
- Қазіргі уақытта жабдықтарды орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр – құбырлар, буқыздырғыштар, коллекторлар мен басқа да технологиялық бөлшектер жаңартылуда.
- №11 және №13 қазандық агрегаттарына орташа жөндеу, №4 турбиналық агрегатқа күрделі жөндеу, №12 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
- Магистральдық бу құбырларын қайта жаңғыртудың бесінші кезеңі аясында №11 және №12 қазандық агрегаттарына қарай бу құбырларын алмастыру жүріп жатыр.
- Қысымды суағарлар мен күл құбырларына да күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
- ОРУ-1 (ашық тарату құрылғысы) нысанында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.