Өскемен ЖЭО біріктірілген менеджмент жүйесінің ресертификаттау аудитінен сәтті өтті
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/26.06.26/26.06.26.jpg

Өскемен ЖЭО біріктірілген менеджмент жүйесінің ресертификаттау аудитінен сәтті өтті

| Жаңалықтар

«ҚКЖ» компаниялар тобының құрамына кіретін Өскемен ЖЭО-да біріктірілген менеджмент жүйесінің ресертификаттау аудиті аяқталды. Тексеріс қорытындысы бойынша аудиторлар кәсіпорынға сәйкестік сертификаттарын беруді ұсынатындарын мәлімдеді.

Бірнеше күн бойы сарапшылар станция бөлімшелерінің жұмысын бағалады. Олар өндірістік нысандарды аралап, құжаттаманы зерттеді, сондай-ақ кәсіпорын басшыларымен және қызметкерлерімен сұхбаттасты.

Аудит нәтижелері бойынша Өскемен ЖЭО-да үш негізгі бағыт: сапа, еңбекті қорғау және экология бойынша біріктірілген менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істейтіні расталды. Соның ішінде аудиторлар кәсіпорында Кайдзен идеяларының іске асырылуын атап өтті - станцияда көрнекі жақсартулар мен өндірістік шешімдер байқалады.

Сертификаттарды беруге ұсыным кәсіпорында қолданыстағы процестердің халықаралық талаптарға сәйкес келетінін, ал басқару жүйесі өндірістің сенімділігін, персоналдың қауіпсіздігін және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз етудің тиімді құралы болып қала беретінін растайды.

Ресертификаттау аудитінен сәтті өту станция ұжымының жүйелі жұмысының нәтижесі және кәсіпорынның тұрақты жетілу қағидаттарына адалдығының дәлелі болды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz