Өскемен ЖЭО балаларға сыйлықтар табыстады
Жаңа жыл қарсаңында Өскемен ЖЭО жаңа жылдық тосын сыйлар әрдайым қолжетімді бола бермейтін отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар табыстады.
Опытное поле ауылының әкімі сыйлықтарды жеке қабылдап алып, оларды балаларға жаңа жылдық ертеңгіліктер аясында табыстайтын болады. Бұл бастама кәсіпорынның игі дәстүріне айналып, жыл сайын жүзеге асырылып келеді. Осындай әлеуметтік жобалар тек Өскемен ЖЭО-ның ғана емес, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтарды қолдауға және әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға бағытталған ҚКЖ компаниялар тобының жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.