Ісіне шын ықыласпен: Асхат Ахметқалиев кәсібі мен ұжымы туралы
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/27_06_25.jpg

Ісіне шын ықыласпен: Асхат Ахметқалиев кәсібі мен ұжымы туралы

| Жаңалықтар

Ахметкалиев Асхат Қаныбекұлы, 1985 жылдың 5 маусымында Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.

Өскемен қаласындағы Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университеттің «Жылу энергетикасы» факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы аталған оқу орнын тәмамдады. Шахтада, төтенше жағдайлар департаментінде қызмет етті.

2013 жылдан бастап Өскемен ЖЭО-ға жұмысқа орналасып, қазіргі уақытта қазандық жабдықтарының машинисі қызметін атқарады. Асхат Қаныбекұлы станциядағы қазандықтардың жұмыс тәртібін қадағалайды, жабдықтарды сағат сайын аралап тексереді, мердігерлердің жұмысын бақылайды.

Бос уақытын отбасына арнайды: екі ұл мен қыз тәрбиелеп, ата-анасына қамқорлық жасайды. Асхат Ахметқалиев кез келген жағдайда өзара көмек пен қолдау көрсететін өзінің еңбек ұжымын мақтан тұтады.

«Менің жұмысым жоғары жауапкершілікті, мұқият болуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Мен осындай маңызды салада жұмыс істегеніме қуаныштымын. Жастарға айтарым: бұл өте қызықты және қажетті мамандық. Келіңіздер, істеп көріңіздер!» - дейді Асхат Қаныбекұлы.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz