Өскемен ЖЭО Ардагерлер үйіне 31 тонна көмір берді
2025 жылғы 25 және 26 тамызда Өскемен ЖЭО Тарханка ауылы мен Согра кентінің қарттар үйлеріне көмір жеткізіп берді.
Кәсіпорын жыл сайын зейнеткерлер мен тыл еңбеккерлері тұратын мекемелерге қолдау көрсетеді. Тарханка ауылындағы қарттар үйінде 20 адам тұрады. Тұрғындар үшін сол үйді құрған Денис мен Ольга Пилипенко нағыз туған-туысқандарына айналған. Олар жайлылық пен үй атмосферасын құруға тырысады: аулада беседкалар, үстелдерде өздерінің маринадталған қиярлары мен компоттары тұрады.
– Әрдайым оңай бола бермейді: әжелер мен аталардың біразының жасы 92-ге жетеді, олардың көбі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Кейбіреулерінің туыстары Қазақстаннан тыс жерде тұрады, сондықтан бізге сенеді. Біз бұл үйге жай ғана жұмыс ретінде емес, өзіміздің үйіміз ретінде қарауға тырысамыз. Тіпті балалар да біздің қамқорлығымызға тартылады, - дейді Ольга Пилипенко.
Бұл көпжылдық әлеуметтік жоба станцияның бастамашыл қызметкерлерін немқұрайлы қалдырмайды. Марат Даутов, Айдын Елемесов, Әділ Елемесов, Досжан Төлегенов, Мағжан Қиялов, Темірлан Төлепбек сынды қызметкердеріміз көмірді түсіруге көмектесті, кейбір мамандарымыз демалыс күндеріне қарамай көмекке келді.
«Добрый Феникс» қарттар үйінде 25 тыл еңбеккері мен мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлер тұрады. Станция аға ұрпаққа үлкен құрметпен қарайды, ардагерлер мен зейнеткерлерге мықты денсаулық, жылы және қуанышты күндер тілейді, сондай-ақ оларға күн сайын қамқорлық жасайтын адамдарға алғыс білдіреді.