Өскемен ЖЭО-да еңбекті қорғау күні: Қауіпсіздік энергиясы!
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/28.04.25/28_04_25.jpg

Өскемен ЖЭО-да еңбекті қорғау күні: Қауіпсіздік энергиясы!

| Жаңалықтар

2025 жылғы 25 сәуірде кәсіпорында ауқымды еңбек қорғау күні өтті.

Владимир Ерохин еңбек қауіпсіздігі күнінің тақырыбын ашып, «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына арналған революциялық тәсілдер: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) және цифрландырудың рөлі» деген мәселелерге тоқталды. Қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлер өткізген қызықты конкурстар, танымдық және әзіл-қалжың бейнероликтер, эстафеталар, викториналар өндірістегі және тұрмыстағы қауіпсіздікті тағы да еске салып, көңіл-күйді көтеріп, барлығын қуаттандырды.

Барлық бөлімшелердің жанкүйерлер тобы командалардың штаттан тыс жағдайларда қалай әрекет ететінін, қауіпсіздік техникасы бойынша әрекет алгоритмдерін білетінін, реакцияларының қаншалықты жылдам екенін бағалады. Өрт сөндіру,медициналық көмек көрсету, биіктікте жұмыс істеу дағдыларын қатысқан жеті команданың ішінде үздік бесеуі көрсетті. «Еңбек қауіпсіздігі күні ұнады, ең қиын, бірақ ең қызықтысы сақтандыру құралдарымен және аспалы жолдармен конкурс болды, бірақ біз оны орындай алдық», – деп атап өтті химиялық жабдықтар жөніндегі инженер Қарлығаш Әубәкірова.

«Командалық жұмыс, өзара көмек және әріптестердің қолдауы – табыс пен жеңістің кепілі», - деп атап өтті химиялық жабдықтар жөніндегі инженер Әйгерім Қайрулла және турбиналық цехтың химиялық талдау зертханашысы Айтолқын Разханова.

Байқау қорытындысы бойынша командаларға ақшалай және естелік сыйлықтар табысталды. «Еңбек қауіпсіздігі күндері бізге тоқтап, ең маңызды нәрсеге – өміріміз бен денсаулығымыздың қауіпсіздігіне тағы да назар аударуға мүмкіндік береді», – деп Өскемен ЖЭО атқарушы директоры Талғат Қайркенов іс-шараны қорытындылады.

«Еңбекті қорғау мәселелеріне белсенді қатысып, оларға немқұрайлы қарамаған барлық қызметкерлерге алғыс білдіреміз», – деді еңбекті қорғау және қоршаған орта жөніндегі техникалық директордың орынбасары Игорь Суханов.

  • Бірінші орын – өндірісті дайындау цехы мен отын-көлік цехының құрама командасы
  • Екінші орын – электр цехының командасы.
  • Үшінші орын – турбиналық цех командасы.

Құттықтаймыз, қауіпсіз еңбек пен жеңіс тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz