Опытное поле кенті жасылдана түсті, ал Үлбі жағалауы тазартылды
Өскемен ЖЭО қызметкерлері ерікті мектеп оқушыларымен бірлесіп, кенттегі жаңа мектептің маңына терек пен үйеңкі көшеттерін отырғызды.
Ағаш егу шарасы «Таза Қазақстан» акциясы және кәсіпорын мен Опытное поле тұрғындары арасындағы жыл сайынғы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Бұл - ортақ істің жалғасы: бір күн бұрын станция қызметкерлері багерлік сорғы станциясы ауданындағы Үлбі өзенінің жағалауында сенбілік өткізген болатын. Олар көгалдарды тазалап, ағаштарды әктеді және қыс бойы жиналған қоқысты шығарды.
«Өскемен ЖЭО жыл сайын экологиялық акцияларға белсене қатысады. Біздің бастамашыл қызметкерлеріміз қалалық сенбіліктерге өз еркімен шығады, бұған қоса, сәуір айынан бастап станцияға бекітілген аумақтарда ауқымды тазалық жұмыстары басталады. Туған қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті Өскемен ЖЭО атқарушы директоры Талғат Қайркенов.
Мұндай игі бастамалар қарапайым ғана істерден басталады: ағаш егу, өзен жағасын ретке келтіру және айналаны таза әрі жайлы ету.