Өскеменде еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/28.04.26-2.jpg

Өскеменде еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

| Жаңалықтар

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Өскемен қаласында «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті.

Жиынға мемлекеттік қызмет өкілдері, кәсіподақ көшбасшылары және өңірдегі ірі өнеркәсіп орындарының мамандары қатысты. Басқосуда өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және цифрлық аналитиканы енгізу мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, қатысушылар «Халықтық бақылау» әлеуметтік жобасы мен өндірістегі «Кайдзен» жүйесінің тиімділігін талқылады.

Аталған шараға Өскемен Жылу электр орталығының жетекші инженері Өмірзақов Сырым Жанұзақұлы қатысып, сала мамандарымен тәжірибе бөлісті. Шара соңында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Сырым Жанұзақұлына салтанатты түрде Алғыс хат табысталды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz