Өскемен ЖЭО халықаралық стандарттар бойынша инспекциялық аудиттен өтті
2025 жылғы 23-25 шілде аралығында Өскемен жылу электр орталығында Интеграцияланған Менеджмент Жүйесіне (ИМЖ) инспекциялық аудит жүргізілді. Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікті бағалау мақсатында аудитті QSCert халықаралық сертификаттау ұйымы жүргізді. Атап айтқанда, тексеру келесі стандарттар бойынша жүргізілді:
- ISO 9001:2015 - сапа менеджменті жүйесі,
- ISO 14001:2015 - экологиялық менеджмент жүйесі,
- ISO 45001:2018 - еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі.
Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорынның басқару жүйесі барлық талаптарға толық сәйкес келетіні расталды. Сонымен қатар орнықты даму, өндірістік процестердің жетілгендігі, әлеуметтік желілер мен интернет арқылы қоғаммен тиімді байланыс орнату сынды бағыттар ерекше аталып өтті.
Аудитті жүргізген жетекші маман Сәкен Уахиұлы Мұхитов былай деді:
«Жалпы әсер өте жақсы. Сіздер қазіргі заман талаптары мен саладағы жаңашыл үрдістерді ескере отырып жұмыс істейсіздер. Мұнай-газ және ауыр машина жасау салаларындағы аудит тәжірибеме сүйенсем, мұндай жұмыс тәсілін тек сіздердің ұйым ғана көрсетіп отыр».
Аудит барысында кәсіпорынның 16 құрылымдық бөлімшесінің жұмысы қамтылып, басшылық пен қызметкерлердің сапа, экология және өндірістік қауіпсіздік процестеріне белсене қатысып отырғаны байқалды. Келесі аудит 2026 жылы өтеді және қайта сертификаттау шеңберінде жүргізіледі (үш жылда бір рет өткізіледі).