Жөндеу науқанының күнделігі: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының Өскемен ЖЭО-ға жұмыс сапары
2024 жылғы 27 тамызда Өскемен ЖЭО-ға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ерболұлы Ертаев, Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент басшысының м. а. Қамшыбаев Советхан Слямханұлы келді
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов қонақтарды кәсіпорын туралы жалпы ақпаратпен таныстырып, 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық барысының жөндеу науқаны жайлы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Бүгінгі таңда «Өскемен ЖЭО» ЖШС негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының барлық көлемінің 83% орындады. Атап айтқанда, №№7,11,12 ст.қазандық агрегаттарына, №№4,6,8,9,10,12 ст. турбоагрегаттарына ағымдағы жөндеу, №№8,14 ст. қазандық агрегаттарына кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ №9 ст. қазандық агрегаты мен №11 ст. турбоагрегатына күрделі жөндеу жүргізілді. №13 ст. қазандық агрегатын күрделі жөндеу және №№10,15 ст.қазандық агрегаттарын кеңейтілген ағымдағы жөндеулері орындалу барысында. №1 ОРУ-110 кВ электр жабдықтарын жаңғыртудың 2-ші кезегін, 140 ата бас бу құбырын қайта жаңартудың 4-ші кезеңін орындау аяқталуда, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жүргізілуде.
«Өскемен ЖЭ» ЖШС-да жөндеу науқанын іске асыруға 19 мердігер ұйым тартылды, жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған персоналдың жалпы саны 189 адамды құрайды. Негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС тұтынушыларды тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарының барлық кешенін жүйелі негізде орындайды. Жылыту маусымында облыс орталығының тұрғындарын жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету үшін жұмыстар сапалы және жоспарға сәйкес жүргізіледі.