Өскемен ЖЭО қуаттылықты кеңейтуді жоспарлап отыр
2026 жылғы 28 қаңтарда Өскемен ЖЭО-да ст. № 13 турбиналық агрегат пен ст. № 16 қазандық агрегат құрылысы бойынша станцияны кеңейту жобасы бойынша жария тыңдау өткізілді. Жоба ҚР Энергетика министрлігімен жасасқан Инвестициялық келісімнің шеңберінде іске асырылуда.
Бүгінде қаланың қажеттілігі станцияның мүмкіндігінен асып түсуде. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұтынушылардың қосылған жылу жүктемесі сағатына 1114,9 Гкал құрайды, бұл станцияның қолда бар жылу қуатынан сағатына 339,1 Гкал асады.
Жаңа жабдық станцияның жылу қуатын сағатына 130 Гкал арттырып, 100 МВт электр қуатын қосады.
Құрылысқа дайындық шеңберінде инженерлік және іздестіру жұмыстары аяқталды, жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, жабдықтарды жеткізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға EPC-келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс кезеңінде 500-ге жуық жұмыс орны құрылады, пайдалануға берілгеннен кейін тағы 50-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба жылу қуатының тапшылығын азайтуға, жабдықтың тозуын және отын шығынын төмендетуге, қаланың жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға көмектеседі.