
Өскемен ЖЭО станцияны кеңейту жобасын ұсынды
2025 жылғы 28 сәуірде «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де қуаттылығы 100 МВт №13 турбиналық агрегат пен қуаттылығы сағатына 400 тонна бу шығаратын №16 қазандық агрегатын салу жобасы бойынша жария тыңдаулар өтті.
Жоба Шығыс Қазақстан облысында жылу және электр энергиясының тапшылығын шешуге бағытталған. ҚР Энергетика министрлігімен жасалған келісім шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасы 140,3 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2024 жылғы шілдеден 2028 жылғы шілдеге дейінгі кезеңге жоспарланған.
Күтілетін әсер: жылу қуатын 130 Гкал/сағ ұлғайту, жылу тапшылығын 39,3%-ға төмендету, жабдықтардың тозуын 13,8%-ға азайту, экологиялық және энергиялық тиімді технологияларды енгізу.
Жоба құрылыс кезеңінде 500-ге дейін және нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 53-ке дейін тұрақты жұмыс орнын ашады.
Жобаны іске асыру үшін келесі негізгі мердігерлермен шарттар жасалды: «Project Stroy Company», «Қалбагеопроект», «Hubei Machinery and Equipment International Limited» компаниялар консорциумы, «Құрылысэкспертпроект» ЖШС.