ШҚО-да тәлімгерлерді оқыту сәтті аяқталды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/29.05.25/29_05_25.jpg

ШҚО-да тәлімгерлерді оқыту сәтті аяқталды

| Жаңалықтар

27-28 мамырда Өскемен ЖЭО Корпоративтік оқыту орталығында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы ұйымдастырған кәсіпорындардың тәлімгерлері үшін оқыту өтті. [@atameken.kz]

Сабақтарды «Атамекен» ҰКП сертификатталған жаттықтырушылары мен тәжірибелі мамандар жүргізді. Тыңдаушылар дуалды оқыту моделін, жұмыс орнындағы білім берудің кезеңдерін, шәкіртпен өзара әрекеттесу тәсілдерін меңгеріп, мотивация, көшбасшылық, жанжалдарды басқару және командада жұмыс істеу тақырыптарын тереңірек игерді.

Оқыту бағдарламасына Өскемен қаласындағы түрлі ұйымдардың қызметкерлері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Атамекен» ҰКП тәлімгерлерінің ресми тізілімінде тіркелген сертификаттарға ие болды.

Адами капиталды дамытуды және кадрларды даярлау сапасын бірге жақсартуды жалғастырамыз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz