«Өскемен ЖЭО» ЖШС 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның орындалуы жөнінде есеп берді
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/29.07.25/29_07_25.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның орындалуы жөнінде есеп берді

| Жаңалықтар

2025 жылғы 29 шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС мәжіліс залында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жылу энергиясын өндіруге қатысты Инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның орындалуы жөніндегі есептер бойынша жария тыңдау өтті.

Іс-шара барысында кәсіпорынның бас директоры Данияр Нұғыманов ЖЭО жұмысы жөнінде қысқаша мәлімет беріп, есептік материалдардың uktets.kz ресми сайтында қолжетімді екенін атап өтті.

Жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі Марина Аюпова қатысушыларды 2025 жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығындағы жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Ол жылу энергиясын сату көлемі мен қолданыстағы тарифтер, тұтынушылармен байланыс, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы және реттелетін қызмет түрі бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштер туралы баяндады.

Жылу энергиясы 40 заңды тұлғамен жасалған шарттар негізінде жеткізілді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіретін жылу энергиясының негізгі тұтынушысы – «Шығыс Жылу» АҚ, оның үлесі – 84,9 %. Қалған 15,1 % индустриялық секторға тиесілі – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Казцинк» ЖШС ірі кәсіпорында.

Жөндеуді дайындау және перспективалық даму бөлімінің жетекшісі Тұрар Төлеубаев бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы баяндады.

Инвестициялық іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырудың арқасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС алдағы жылыту маусымына сапалы әрі уақтылы дайындық жүргізуде.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz