Өскемен ЖЭО 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептерін ұсынды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/29.07.26/29.07.26.jpg

Өскемен ЖЭО 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептерін ұсынды

| Жаңалықтар

2026 жылғы 29 шілдеде «ҚКЖ» компаниялар тобының құрамына кіретін Өскемен жылу электр орталығында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жылу энергиясын өндіру бойынша Инвестициялық бағдарлама мен Тарифтік сметаның атқарылуы туралы есептердің жария тыңдаулары өтті.

Атқарушы директор Данияр Нұғыманов қатысушыларға кәсіпорын туралы жалпы ақпаратты ұсынып, жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтік смета мен Инвестициялық бағдарламаның атқарылуы туралы есептер www.uktets.kz сайтында орналастырылғанын атап өтті.

Техникалық директор Александр Дёмин жылу энергиясын өндіру көлеміне тоқталып, 01.02.2026 жыл мен 30.06.2026 жыл аралығындағы бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысын таныстырды және негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер туралы хабардар етті. Сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымды жаңғырту мен ағымдағы жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіретін жылу энергиясының 85 %-ын негізгі тұтынушы - «Шығыс Жылу» АҚ сатып алады. Жылу энергиясының қалған 15%-ы 38 тұтынушыға – заңды тұлғаларға босатылады.

Жүргізіліп жатқан инвестициялық іс-шаралардың арқасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізуде.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz