Өскемен ЖЭО болашақ бірінші сынып оқушыларын құттықтады
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/29.08.25/29.08.25.jpg

Өскемен ЖЭО болашақ бірінші сынып оқушыларын құттықтады

| Жаңалықтар

28 тамызда Өскемен ЖЭО қызметкерлердің биыл алғаш рет мектепке баратын балаларына арналған мереке ұйымдастырды.

Болашақ бірінші сынып оқушылары «Bala Park» отбасылық ойын-сауық орталығында көңіл көтерді. Мереке басында балаларға тәтті-дәмділер ұсынылды. Кейіннен аниматорлар ғылыми шоу көрсетті, би флешмобын өткізді, кішкентай қонақтарға арналған крио-балмұздақ және басқа да ойын-сауықтар әзірледі.

Мерекенің соңында ЖЭО Кәсіподақ комитетінің атынан бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды - бірінші сынып оқушыларының жинақтары. Жарқын шарлар мен естелік фотосуреттер балалардың көңілін көтерді!

Болашақ оқушылр мен ата-аналарға мықты денсаулық, күш-жігер мен шыдамдылық, оқу жылының табысты өтуін тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz