Өскемен ЖЭО-да еңбек қауіпсіздігі саласындағы жыл қорытындысы шығарылды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/29.12.25/29.12.25.jpg

Өскемен ЖЭО-да еңбек қауіпсіздігі саласындағы жыл қорытындысы шығарылды

| Жаңалықтар

26 желтоқсанда Өскемен ЖЭО-да Еңбек қауіпсіздігі және экология күні аясында қорытынды іс-шара өтті. Кәсіпорынның Бас директоры Данияр Нұғsманов ұжымға қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарағаны және еңбекті қорғау мәдениетін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, қызметкерлерді облыс әкімі атынан берілген марапаттарымен құттықтады.

Техникалық директордың орынбасары Игорь Суханов жыл қорытындысы бойынша өндірісте қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға елеулі үлес қосқан бөлімшелер мен қызметкерлерді атап өтті:

  • Еңбек қауіпсіздігі және экология күні аясындағы «Үздік спикер» – қазандық машинисі Мұхамеди Мақсат Алтайұлы, турбиналық цех бастығының орынбасары Штейнгауэр Антон Федорович;
  • «ЕҚ және ТҚ бойынша үздік презентация үшін» – АБЖ инженері Осадчий Алексей Родионович, РҚА-ны жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер Тоқтаров Ерасыл Мейрамұлы;
  • Еңбек қауіпсіздігі және экология күніне белсенді қатысқаны үшін – медициналық пункт пен ПАСЧ-106 өрт сөндіру бөлімі;
  • Еңбек қауіпсіздігі күнінің ең белсенді қатысушысы – РҚА-ны жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер Назырова Алина Асхатовна, электргазбен дәнекерлеуші Панасюк Николай Александрович;
  • 2025 жылдың үздік бөлімшесі – Жылу автоматикасы және өлшеулер цехы;
  • Мердігер ұйымдар қызметкерлері мен кәсіпорын персоналының қауіпті жұмыстарын уақтылы тоқтатқаны үшін – қазандық жабдықтары жөніндегі инженер Рассошанский Павел, ауысым бастығы Асанов Дархан, бақылау-тексеру тобының инженері Курманбаев Жәнібек.

Мұндай іс-шаралар кәсіпорын үшін қауіпсіздіктің әрдайым сөзсіз басымдық болып қала беретінін және өндірістік жүктеме жоғары кезеңдерде станцияның сенімді жұмысының негізгі тірегі екенін айқындайды. Жыл қорытындысындағы жетістіктер ұжымның ұйымшыл еңбегі мен жоғары кәсіби деңгейінің нәтижесі болды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz