29-шы маусымда Өскемен ЖЭО-да еңбекті қорғау күні өтті
2023 жылғы 29-шы маусымда Өскемен ЖЭО-да Еңбекті қорғау күні өтті.
Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне көңіл бөлуді күшейту, ұйымдастыру жұмыстарының деңгейін көтеру, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, жұмыстағы қауіпсіз еңбек тәсілдерін білу, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындарында еңбекті қорғау нормаларын қатаң сақтау – бұл күнделікті міндет, оның орындалуы энергетиктердің өздерінің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлерді, өндірістік және әлеуметтік нысандарды жылумен және жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты. Егер кез келген ұсақ мәселе уақытында шешілмесе, кейін өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Өскемен ЖЭО-да еңбекті қорғау күні ай сайын, әр айдың соңғы бейсенбісінде кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өткізіледі. Осы іс-шараны Өндірістік бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі өткізеді. Бағдарлама алдын ала дайындалады, оның барысында ең өзекті тақырыптар таңдалады.
- Жоғары температура жағдайында жұмыс істеу;
- Дүниежүзілік Экология күні;
- 2023 жылғы «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысандарының өрт қауіпсіздігін тексеру нәтижелері.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға аса маңызды мән береді