Өскемен ЖЭО-дағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау: Оқыту мен ынтымақтастықтың маңыздылығы
26 сәуірде сағат 10.00-де Өскемен ЖЭО-ға «ШҚО Кәсіподақ орталығы» және ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдерінен құралған жұмыс тобы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні мен «Қауіпсіз еңбек - әрбір адамның құқығы» аясындағы айлық аясында кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында келді.
Жұмыс тобының құрамында «ШҚО Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов, «ШҚО Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің құқықтық мәселелер және медиация жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов, «ШҚО Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Айдос Әділбеков, «ШҚО Энергетика қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы Вера Подрезова болды.
Өскемен ЖЭО Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директоры Игорь Суханов Өскемен ЖЭО-да еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды арттыруға бағытталған маңызды шаралар мен іс-шаралар туралы айтып берді. Әңгімелесу барысында аталған мәселелерге жүйелі түрде қараудың маңыздылығы атап өтілді, қызметкерлерді оқытуға және қауіпсіздік стандарттарының сақталуын ұдайы бақылауға назар аударылды. Одан кейін қатысушылар Өскемен ЖЭО Корпоративтік оқыту орталығында болды. Корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Наталья Слабодчикова делегация үшін оқу кабинеттері мен полигондар бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, оқыту мен жаттығулардың ерекшеліктерімен таныстырды. Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және ережелерді сақтауға саналы түрде қарауға бағытталған станция персоналын оқыту мен дамытуға кәсіби көзқарасқа ерекше назар аударылды.
«ШҚО Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов өндірістегі қауіпсіздік нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерге және олардың денсаулығына қамқорлық жасау барлық компаниялар үшін басымдыққа айналуы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын да айтты.
Кездесуге қатысушылар оқыту мен практикалық жаттығулар кәсіпорынның қауіпсіз және тиімді қызметін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады, сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.