Руслан Ежикенов: 30 жыл жарық пен жылу үшін
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/06.02.26/ezhikenov.jpg

Руслан Ежикенов: 30 жыл жарық пен жылу үшін

| Жаңалықтар

Ежикенов Руслан Серікұлы - энергетика саласында биыл еңбек етіп келе жатқанына 30 жыл толған тәжірибелі маман, білікті энергетик, отбасына тірек азамат. 1976 жылғы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы «Өскемен жөндеу-механикалық зауыты» АҚ-да 3-разрядты слесарь-жөндеуші болып бастап, 1996 жылдан бері «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де қызмет атқарып келеді. Қазандық жабдықтары бойынша машинист-бақылаушы лауазымынан бастап, 2005 жылы қазан машинисі, ал 2021 жылы қазандық цехының қазандық жабдықтары бойынша аға машинисі қызметіне тағайындалды.

Руслан Серікұлы жоғары жауапкершілігімен, кәсібилігімен және бастамашылдығымен ерекшеленетін маман. Оның бастамасымен енгізілген жаңа технологиялар қазандықтардың жұмыс тиімділігін арттырып, отын шығынын азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жоғары қысымды қазандықтардың жұмыс параметрлерін автоматтандыру және бақылау жүйесін енгізуге белсенді қатысып, өндірістік қауіпсіздік деңгейінің едәуір артуына ықпал етті. Еңбек жолы барысында көптеген жас мамандарға тәлімгерлік етіп, өз тәжірибесімен белсенді бөлісіп келеді.

2022 жылы Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының «Құрметті энергетик» атағына ие болып, 2025 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен Шығыс Қазақстан облысының әкімі қолынан марапатталды.

Ежикенов Руслан Серікұлына зор денсаулық, еңбегіне табыс, отбасына амандық, абырой-беделінің арта беруін тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz