
Өскемен ЖЭО жылу энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар бойынша 2024 жылға есеп берді
2025 жылғы 29 сәуірде 2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге арналған тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөніндегі есеп бойынша жария тыңдаулар өтті.
ЖЭО өндіретін жылу энергиясының негізгі тұтынушысы «Шығыс Жылу» компаниясы болып табылады, ол жалпы жылу көлемінің 84% - дан астамын тұтынады. Қалған жылу көлемі қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында бөлінеді.
ЖЭО мамандарының айтуынша, 2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейінгі аралықта жылу энергиясын өндіруге жұмсалған жиынтық шығындар 12,2 млрд теңгені құрады, бұл бекітілген тарифтік сметадан 2,9 млрд теңгеге артық. Нақты босатылған жылу энергиясының көлемі 2,4 млн Гкал-ды құрады, бұл тарифтік сметада көзделген көлемнен 101 мың Гкал-ға (4%-ға) төмен. Бұл төмендеу жылыту маусымындағы сыртқы ауаның қалыптасқан орташа температурасына байланысты болды.
Сауалнама нәтижелері бойынша Өскемен ЖЭО-ның жылу энергиясының барлық 42 тұтынушысының қанағаттану деңгейі 99% -ды құрайды. Барлық шығындар қала тұтынушыларын үздіксіз және сенімді жылумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде станцияның қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.