Қауіпсіздік жолындағы серіктестік
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерін Өскемен жылу электр орталығы Полиция күніне орай кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Өскемен ЖЭО қауіпсіздік қызметінің бас маманы Әлішер Қайрат компания басшылығының атынан қызметке деген адалдықтары, жауапкершіліктері, сондай-ақ облыстың стратегиялық нысаны саналатын Өскемен жылу электр орталығындағы қоғамдық тәртіпті және кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күнделікті еңбектері үшін алғыс білдірді.
Энергетиктер Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне тыныштық және жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.