Өскемен ЖЭО қызметкерлері кәсіби жетістіктері үшін марапатталды
29 қыркүйекте Өскемен қаласының әкімдігінде Еңбек күні мен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.
Марапат еңбек әулетіне - турбиналық цехтың жетекші инженері Романов Вячеслав Анатольевич пен оның қызы Татьянаға табысталды. Қала әкімінің қолынан алғыс хатты отын-көлік цехының ауысым бастығы Берік Қапасов пен отын беру моторшысы Мәди Төкішев алды.
Қала әкімі Алмат Акишев түрлі сала қызметкерлерінің еңбегі арқасында қаланың дамып, өркендеп келе жатқанын атап өтті.
Әріптестерімізді құттықтап, мықты денсаулық және Өскемен қаласының тұрғындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз.