«Ұсақ-түйек деген болмайды» - Андрей Бочаров энергетика саласындағы жұмысы туралы
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/30.09.26/30.09.26.jpg

«Ұсақ-түйек деген болмайды» - Андрей Бочаров энергетика саласындағы жұмысы туралы

| Жаңалықтар

«ҚКЖ тұлғалары» айдарының бүгінгі кейіпкері – Андрей Владимирович Бочаров. Оның энергетика саласындағы еңбек өтілі - 35 жыл. Осы уақыт ішінде ол қарапайым жұмыстан турбина цехының ауысым бастығы қызметіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.

- ЖЭО-дағы алғашқы жұмыс күніңізді еске түсіре аласыз ба? Ол қалай өтті?

- Жақсы есте сақтағанмын. Сол кезде Сабырғазы Садыков ауысым бастығы еді. Соңынан қалмай, ысырмаларды бұрауды үйрендім. Маған сол кезде берілген және қазір де өте маңызды болып табылатын тәлімгерімнің кеңесі: «ұсақ-түйек деген болмайды». Тек ірі бөлшектерді ғана емес, ұсақ-түйектерді де көре білу керек, өйткені көп нәрсе соларға байланысты. Мысалы, кішкентай ысырмалар жөндеу жұмыстарына дайындық кезінде жабдықпен жұмыс істеуді айтарлықтай жеңілдетеді.

- Сіздің ойыңызша, жас буыннан не үйренуге болады және оларға өз тәжірибеңізбен бөлісуде не нәрсе ерекше маңызды?

- Мен олардың сабырлығынан үлгі алар едім. Жастар келгенде, не болса да, төзімділігі мен шыдамдылығында шек жоқ, бізге де сондай сабыр жетіспейді. Ал біз оларды еңбекке баулуға тырысамыз. Біздің жұмысымыз әрдайым ыңғайлы бола бермейді, кейде үйдегі тамағымызды кері алып қайтамыз. Таңғы сағат 4-те станция режимін ауыстыру жұмыстары жүреді, бәрін уақтылы реттеп үлгеру қажет.

- Неліктен кезінде энергетиканы таңдадыңыз және қазір де осы саладасыз?

- Өздеріңізге белгілі қалыпты жағдай: достарым техникумға түсті, мен де оларға ілестім. Әскери борышымды әскери-теңіз флотында өтеп келдім, еңбекке жастайымнан бейімделгендіктен, ауысымдық жұмыс мені қорқытқан жоқ. Әлі күнге дейін осында жүрмін, өйткені ұжымды да, жұмысты да жақсы білемін, үйреніп кеттім және ұнайды. Туған-туыстарым мен достарымның бәрі осында, туған қаламызды жылумен қамтамасыз етіп отырмыз.

- Сіз жұмысты бастаған кезде станция қандай еді? Осы жылдар ішінде не өзгерді?

- Сол кездегі жабдықтар мен арматураларды әлі күнге дейін пайдаланып келеміз. Көптеген автоматты жүйелер, компьютерлер пайда болды – станция осы тұрғыдан қатты өзгерді. Жалпы кәсіпорын өте берік тұр, болашақта оған тек тұрақтылық тілеймін.

- Мына сөйлемді аяқтаңыз: «Мен үшін Өскемен ЖЭО – бұл…»

- Бұл – өмірімнің жартысы.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz