Нұрлыбек Нәлібаев Өскемен ЖЭО-ны кеңейту жұмыстарының барысымен танысты
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/30.10.26/30.10.26.jpg

Нұрлыбек Нәлібаев Өскемен ЖЭО-ны кеңейту жұмыстарының барысымен танысты

| Жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобының құрамына кіретін Өскемен жылу электр орталығына барды. Жұмыс сапары барысында станцияның өндірістік қуатын арттыруға және өңірді энергиямен жабдықтау сенімділігін нығайтуға бағытталған инвестициялық жобаның іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисов пен Өскемен ЖЭО бас директоры Азамат Бейімбетов те қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаевқа Өскемен ЖЭО-ны кеңейту жобасы таныстырылды. Бастама аясында станцияның электр қуатын 100 МВт-қа, ал жылу қуатын 130 Гкал/сағ-қа арттыру көзделген. Жаңа қуаттарды іске қосу қаланың электр және жылу энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етуге, қажетті қуат резервін қалыптастыруға және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кейін қатысушылар станцияның өндірістік нысандарын аралады. Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев №13 турбоагрегаттың құрылыс алаңындағы жұмыстардың барысымен танысып, жетінші кезектің басқару қалқанын және №16 қазандық агрегаты салынып жатқан алаңды көрді. Сондай-ақ оған жобада қолданылатын техникалық шешімдер, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және алдағы іске асыру кезеңдері туралы ақпарат берілді.

Өскемен ЖЭО-ны кеңейту – Шығыс Қазақстан облысындағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі. Оны іске асыру станцияның өндірістік қуатын ұлғайтумен қатар, қаланың одан әрі дамуына берік энергетикалық негіз қалыптастыруға, тұрғындар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының энергияға деген қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны 2029 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде Өскемен ЖЭО-да қосымша генерациялау қуаттары іске қосылып, облыс орталығын жылу және электр энергиясымен жабдықтау сенімділігі артады.

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту бағытындағы ауқымды инвестициялық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Компанияның басым бағыттары қатарында генерациялау қуаттарын дамыту, энергетикалық нысандардың жұмыс тиімділігін арттыру және Қазақстан өңірлерін тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз ету бар.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz