Өскемен ЖЭО-да станцияны кеңейту жобасы бойынша көпшілік тыңдаулар өтті
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/30.10.26/2/30.10.26.jpg

Өскемен ЖЭО-да станцияны кеңейту жобасы бойынша көпшілік тыңдаулар өтті

| Жаңалықтар

28 қазан күні ҚКЖ компаниялар тобына кіретін Өскемен жылу электр ориалығында жаңа №13 турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Жоба ҚР Энергетика министрлігімен жасалған инвестициялық келісім аясында жүзеге асырылуда.

Бүгінде қаланың қажеттілігі станцияның мүмкіндіктерінен асып түсіп отыр. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұтынушылардың қосылған жылу жүктемесі сағатына 1114,9 Гкал-ды құрайды, бұл қолда бар жылу қуатынан сағатына 339,1 Гкал-ға артық. Жаңа жабдық станцияның жылу қуатын сағатына 130 Гкал-ға және электр қуатын 100 МВт-қа арттырады.

Құрылысқа дайындық аясында инженерлік және ізденіс жұмыстары аяқталды, жобалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы алынды, жабдықтарды жеткізуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға ЕРС-келісімшарттары жасалды. Қазір құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Жоба жылу қуатының тапшылығын азайтуға, жабдықтардың тозуын төмендетуге және қаланы жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға септігін тигізеді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz