Мамандыққа адалдықтың 40 жылы: Валерий Ереманың еңбек жолы
Валерий Петрович Ерема Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер) дүниеге келген. Кейін анасы мен әпкесімен бірге Өскемен қаласына қоныс аударып, дәл осы жерде энергетика саласындағы кәсіби жолын бастады. Алты айлық өндірістік тәжірибеден кейін-ақ ол өзінің болашағын ЖЭО-мен байланыстыратынын анық түсінді.
Еңбек жолын қазандық цехында машинист болып бастағанына қарамастан, Валерий Ерема жабдықтарды жөндеу жұмыстарының қыр-сырын тез меңгеріп, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Осылайша ол орталықтандырылған жөндеу цехының бригадасынан өз орнын тапты. Бұл ұжымда оның пікірі әрдайым бағаланып, тәжірибесіне құрметпен қарайды. Ұзақ жылдар бойы оның көз алдында қазандық және турбиналық цехтардың бірнеше буын машинистері кәсіби тұрғыда қалыптасты.
Кәсіби жетістіктерімен қатар, Валерий Петрович берекелі отбасы құрды: жұбайы да энергетика саласының маманы. Ұл мен қыз тәрбиелеп, бүгінде үш немеренің ардақты атасы атанып отыр. Ол өз өмірлік тәжірибесі мен даналығын балаларына үнемі үлгі етіп келеді.
Валерий Петровичтің көп жылғы адал еңбегі 17 желтоқсанда жоғары мемлекеттік марапат - «Даңқ» орденінің III дәрежесімен лайықты түрде бағаланды. Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің өзі табыстады.
Құттықтаймыз! Мықты денсаулық, толағай табыс пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!