«Өскемен ЖЭО» ЖШС жаңа қазандық пен турбинаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кірісті
28 қаңтарда Өскемен қаласында Өскемен ЖЭО кеңейту жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараға мүдделі қоғам өкілдері, энергетика ардагерлері, депутаттар мен БАҚ қатысты. Тыңдауда қуаттылығы 100 МВт ст. № 13 турбиналық агрегаттың және өнімділігі сағатына 400 тонна бу болатын ст. № 16 қазандық агрегатының құрылысы туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Жобаны іске асыруға 2024 жылғы шілдеден 2028 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде 140,3 млрд теңге көлемінде инвестициялар тарту көзделген. Жобаның негізгі серіктесі Еуразиялық Даму Банкі, ал мердігер ретінде China Machinery Engineering Group Corporation (ҚХР) жұмыс істеу жоспарлануда.
ЖЭО басшылығы жобаның электр энергиясының тапшылығы мен өсіп келе жатқан жылу жүктемелерін қоса алғанда, өңірдің өзекті энергетикалық сын-қатерлерін шешуге бағытталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қазандық агрегаты мен турбиналық агрегатқа жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды.
Еске салайық, құрылыс кезеңінде 500-ге дейін жұмыс орны құрылады, ал нысандар іске қосылғаннан кейін - 53 тұрақты жұмыс орны. Жобалау және іздестіру ұйымдарымен: «Project Stroy Company» қуат беру схемаларын әзірлеуге, «КалбаГеоЖоба» ЖШС геологиялық және топографиялық ізденістер жүргізуге, «Hubei Machinery and Equipment International Limited» консорциумымен жабдықтарды жобалауға шарттар жасалды.
Өскемен ЖЭО басшылығы іске асырудың барлық кезеңдері қауіпсіздік, экология және сапаның жоғары стандарттарын сақтай отырып жүргізілетініне сендірді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нугуманов: «Біз тыңдаулардың барлық қатысушыларына сындарлы диалог пен айтылған ұсыныстар үшін ризашылығымызды білдіреміз. Жұртшылықпен және сарапшылармен бірлескен жұмыс бізге жобаны барынша тиімді әрі ашық іске асыруға мүмкіндік береді».