Аға буынды мейірімділік және құрмет күнімен құттықтау
2020 жылдың 1 қазанында Өскемен ЖЭО өзінің үлкен әріптестерін Қарттар күнімен құттықтады, ақшалай сыйлықтар, шоколад және ашық хаттар табыстады.
Кәсіпорын басшылығы аға буын энергетиктеріне көп жылғы еңбектері үшін алғыс айтады, олардың кеңестерін қабылдауға және кез-келген сәтте көмек қолын созуға дайын. Бұрынғы 182 жұмысшы-зейнеткердің арасында тыл еңбеккерлері де бар - бұл мерекеде оларға ҰОС Жеңіс күнінің мерейтойлық жылының құрметіне медальдар табысталды.
Марапаттардың бір бөлігін станцияның зейнеткерлеріне кәсіпорынның жас мамандары табыстайды. Биылғы жылы зейнетке шыққан қызметкерлерге кәсіпорынның нақыштамасы салынған ескерткіш сағаттар сыйға тартылды. Ақылды, мейірімді, бәріне және барлығына мұқияттылық танытатын ардагер энергетиктерді құттықтай отырып, зор денсаулық пен бақытты күндер тілейміз!