Балаларға - ең жақсысы!
2021 жылы 28 мамырда «Өскемен ЖЭО» ЖШС Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» суреттер байқауының қатысушыларын марапаттады.
Жыл сайын мерекесі қарсаңында 5 маусымда әлемдік қоғамдастық экологиялық мәселелерге назар аудару үшін экологиялық акциялар, байқаулар, сенбіліктер ұйымдастырады. Балаларда экологиялық мәдениетті тәрбиелеу - экологиялық білім берудің маңызды бағыттарының бірі.
Өскемен қаласындағы «Жастар үйі» тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстары естелік сыйлықтармен марапатталды. Грамоталар мен сыйлықтардың тұсаукесері Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің акт залында өтті.
ШҚО бойынша экология департаментінің бас инспекторы Рауан Тұраров пен «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас экологы Марина Стрельцова болашақ ұрпақ үшін табиғатқа үнемділікпен қараудағы әр адамның маңызы мен рөлі туралы айтып, қатысушыларға шығармашылық жұмыстары үшін алғыс білдіріп , оларға болашақта сәттілік пен жетістіктер тіледі.