Бақытты 33
25 тамызда 2020 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіріс мерейгері – Башина Лариса Владимировнаны зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Еңбек жолы 1987 жылы күндізгі зертхана инженері қызметінен бастау алды. Биыл Лариса Владимировнаның еңбек өтілі 33 жылға толды. Осы жылдар ішінде ол су режимі, көмір зертханашысы, химиялық су тазалау аппаратшысы, химиялық цех ауысымының бастығы кәсіптерін игерді. Алған білімімен және тәжірибесімен жас мамандармен бөлісіп отырды, Өскемен ЖЭО-ның өндірістік және корпоративтік шараларына белсенді қатысты. Сол үшін де оны ұжымы бағалап, жақсы көреді!
Әріптестері Лариса Владимировнаны өте құрметтейді және оған мықты денсаулық, табыстар және зейнеткерлік демалыста жақындарымен қуанышқа толы күндер өткізуін тілейді! «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің ынталы тобы «Өндіріс мерейгерлерімен бейнесұхбат» айдарын ашады. Назарларыңызға алғашқы сұхбатты ұсынамыз!