«Бір өзен, бір тағдыр» халықаралық акциясы
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Өскемен қаласында «Бір өзен – бір тағдыр» халықаралық экологиялық акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты - жас ұрпақты қоршаған әлемге және туған өлкенің табиғи ресурсына ұқыпты қарау дәстүріне тәрбиелеу.
«Әскери-техникалық мектебінің» курсанттары және «Өскемен ЖЭО»бастамашыл тобының белсеңділері акция аясында Ертіс өзені бойында бұрын жиналған қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Акция шеңберінде жастардың еңбек жасақтары мен азаматтық бастамашылдар басты ресурстардың бірі – судың тазалығын сақтауға саналы көзқараспен үйлесе отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, сондай-ақ қазіргі заманғы қоғамның тұрақты дамуында елеулі табыстарға жетуге көмектеседі деп болжануда.
#jastaroskemen #БірөзенБіртағдыр2021 #однарекаоднасудьба2021