Бірінші сынып оқушысы, сәт сапар!
«Өскемен ЖЭО» ЖШС өз қызметкерлерінің балалары үшін «бірінші сынып оқушысының жиынтығын» сатып алды. 21 түрлі кеңсе заттарынан құрылған толық жиынтық балалары биыл бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға табысталады.
Кәсіпорын жұмысшыларының айтуынша, жиырма бес кішкентай бүлдіршін оқуға қажетті құралдармен толығымен қамтамасыз етілді. Өскемен ЖЭО Білім күніне орай балаларды құттықтау бойынша мұндай шараларды жыл сайын ұйымдастырып өткізеді.
Станция басшылығы барлық қызметкерлері мен олардың балаларын оқу жылының басталуымен құттықтайды және оқуда жетістіктер, зор денсаулық және ата-аналарға күш-қуат пен шыдамдылық тілейді!