Еңбек адамдары
15 сәуірде орталықтандырылған жөндеу цехының аға шебері Лемешко Сергей Викторович өзінің Өскемен ЖЭО-дағы жұмыс өтілінің 40 жылдығын атап өтеді.
Сергей Викторович Өскеменнің тумасы және өзінің бүкіл саналы өмірі бойы, өзі атап өткендей, Өскемен ЖЭО-да жұмыс істеп келеді. 1959 жылы тудым, менің әкем қорғасын-мырыш зауытында, ал анам тігін фабрикасында жұмыс істеген, қарындасым бар. Сергей Викторович отбасын құрған соң екі қызы дүниеге келді. Екеуі де Жол-құрылыс институтын бітірген, қазір олар отбасыларымен Новосибирскіде тұрады.
- Карантин кезеңінде балаларыңызды көре алдыңыз ба?
- Әрине! Мен көлігіме отырамын, картоп, сәбіз, маринадтарды тиеп алып, балаларыма жол тартамын. Онда мені қыздарым ғана емес, бес немерем де күтіп отырады.
- Мамандығыңызды немесе жұмыс орныңызды өзгерту туралы ойладыңыз ба? Мүмкін балаларға жақындау керек шығар?
- Мен ол туралы тіпті ойлаған жоқпын. Мұндағы әріптестерім жақсы және ақжарқын. Балаларыма баруға әлі үлгерермін.
- Сіздің жұмысыңыздың ең қиын кезеңі қандай?
- Ең қиыны – станция үшін, әріптестерің үшін алаңдау. Жұмысым бойынша бәрін білемін. Энергетикалық техникумды бітірдім, біздің мамандығымыз «ТТ» - «теплтехник» деп аталды. ЖЭО-ға қазандық цехының шаң дайындау слесарі ретінде келдім. Бір жылдан кейін 13 адамнан тұратын бригаданың шебері болдым. Осылайша бригадаларды басқарып, үйреттім. Менің ең қабілетті оқушыларым: Айдар Байтұрғанов, Алексей Кузнецов, Юрий Ягодкин – біздің цехта жұмыс стейді және Русла Габитов – ол көшіп кетті. Қазір мен станциядағы барлық айналмалы жабдықтарға жауап беремін - негізгі және қосалқы. Бұл жабдықтар бойынша барлық техникалық шешімдер цех басшысымен бірлесіп қабылданады. Сонымен бірге, біз әрдайым кіші болса да, әріптестеріміздің пікірін тыңдаймыз.
- Жұмыстан басқа қандай хоббиіңіз болды?
- Мен спортпен айналыстым. Хоккеймен. Қоғамдық белсенді болдым. Николай Сидоровпен бірге біз 2000 жылдары 7-ші мектептің жанында хоккей алаңын салдық, қазір онда Ульбинка клубы жаттығады. Әр цех сайысқа қатысқан кезде мен міндетті түрде командада болдым. Бас кезінде ЖЭО-да балалар үшін бос уақыт ұйымдастырылған болатын - біздің әріптесіміз Павел Павлович Горский радиотехника үйірмесін жүргізген.
- Әріптестеріңізге не тілегіңіз келеді?
- Шыдамдылық пен дәл қазіргідей береке-бірлік тілеймін. Біздің мұндай Өскемен ЖЭО біреу ғана және біз оған қамқорлық жасауымыз керек.
- Сұхбатыңызға рахмет және мамандарды дайындағаныңыз бен станцияның сенімді жұмысына үлкен үлес қосқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақыт тілейміз!