Еңбек сіңірген демалысқа: Александр Иванов – Өскемен ЖЭО-дағы ширек ғасыр
2023 жылғы 1 қыркүйекте Өскемен ЖЭО-да орталықтандырылған жөндеу цехының бу-газ турбиналық жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь Александр Алексеевич Иванов еңбек сіңірген демалысына шықты.
Александр Иванов 1960 жылы 2 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемен ЖЭО-ға 1998 жылы 4 сәуірде мердігерлік ұйымнан орталықтандырылған жөндеу цехының 6-разрядты бу-газ турбиналық жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь лауазымына ауыстырумен жұмысқа орналасты. Александр Алексеевич Өскемен ЖЭО-да 25 жыл еңбек етті.
- Зейнеткерлікте немен айналысамын деп әлі шешкен жоқпын, егер денсаулық мүмкіндік берсе, онда жұмысты жалғастыра беруім мүмкін. Қазір немерелеріммен, үйіммен және көлігіммен айналысамын, - дейді Александр Алексеевич.
Александр Алексеевич 1982 жылы үйленді. Жұбайы Любовь Ивановамен бірге 3 қыз тәрбиелеп отыр.
Станцияда жұмыс істеген кезінде Александр Иванов өзін кәсіби маман, өнертапқыш, адал қызметкер, жақсы жолдас және тәлімгер ретінде көрсетті.
Александр Алексеевич өзінің жеке үлгісімен еңбек ұжымында сенім, құрмет пен беделге ие болды. Әріптестер оны тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындай алатын және түрлі жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай алатын бастамашыл, жауапты және сенімді адам ретінде біледі.
Александр Алексеевичке Өскемен ЖЭО басшылығы мен ұжымы жылы лебіздерін білдірді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов Александр Алексеевичке орталықтандырылған жөндеу цехының табысты жұмыс істеуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық және өз отбасының аясындағы өмір жолының жаңа маңызды және қызықты кезеңінде зор жетістіктерге жетуін тіледі.