Еріктілер жылындағы марапат
2020 жылдың 26 қарашасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің Бастамашыл тобы ерікті жобаларға қатысқаны үшін Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2020 жыл республикада Еріктілер жылы деп жарияланды. Қамқор тұрғындардың әрбір жобасы, көмегі мен назары - достық қоғамды қалыптастыру мен болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолындағы зор қадам.
Бір жыл ішінде Өскемен ЖЭО-ның жас белсенділері қарттарға жан-жақты көмек көрсетті, экологиялық акцияларға, жастар жобаларына қатысты. Кәсіпорын ұжымын осы оқиғамен құттықтаймыз, зор денсаулық, сәттілік және өркендеу тілейміз!