Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/29.12.20/kluch_idei.jpg

Идеялардың кілті

| Жаңалықтар

2020 жылдың 20 желтоқсанында Өскемен ЖЭО-ның инновациялық жобалары бойынша қорытынды кездесу өтті. Сөзбе-сөз аударғанда кайдзен «жақсыға қарай өзгеру» дегенді білдіреді.

Кайдзен құралдары үздіксіз жетілдіруге көмектеседі. Алғашқы болып сөз сөйлеген Константин Милакин – май жүйесін тиімді желдету үшін турбиналық қондырғыға эксгаустерлерді орнату және сығылған ауаны сатып алу құнын төмендету жобасының жетекшісі. Осы және турбина цехының тағы үш жобасы іске асырудан қаржылық пайда алды.

Содан кейін инженер Сергей Брюхановтың су шығынын азайту жобасы талқыланды. Ернұр Токушев көмір фракциясын іске асыру жобасы туралы айтты. Сергей Березиков 11-14 қазандықтарды есептік жүктемеге дейін жеткізу жобасын ұсынды, ол жалғасын табады.

Аспалы крандардың жылдамдық сипаттамаларын өзгерту, визуалдау және бақылау жүйелерін енгізу және өзге де жобалар бойынша ұтымды идеялар қарастырылды.
Кәсіпорынның техникалық жетекшілері атқарылған үлкен жұмыстарды атап өтті және Кайдзен бағдарламасының кейін де сәтті жалғасатынына сенім білдірді.

Үздік жобалар болып мыналар танылды:

  • 3 орын - жетекшісі Мұхтар Тогузовтың командасы: «2020 жылғы бюджет шеңберінде жүк түсіретін шұңқырды қайта құру бойынша ЭкоЖоспарды іске асыру».
  • 2 орын - жетекшісі Жандос Тұраровтың командасы: «Қуаттылық нарығы жағдайында станция жұмысын оңтайландыру».
  • 1 орын, жетекшісі Константин Пятковтың командасы: «ст.№12 турбинаны суық күйден іске қосу режимін оңтайландыру».

Кайдзеннің маңызды қасиеті - позитивті ойлау. Позитивті ойлағанда проблема – жақсартудың әлеуеті болып табылады, жапон мақал-мәтеліндегідей «Проблема - жасырын қазынаның кілті». Өскемен ЖЭО-ның қызметкерлері өздерінің оптимистік көзқарастары мен кәсібиліктерін біріктіре отырып, 2020 жылы керемет нәтижелерге қол жеткізді!

Барлығы 2020 жылы Кайдзен бағдарламасына станцияда 97 жұмысшы тартылды, 24 жоба іске асырылды, 11 ұтымды ұсыныстар мақұлданды және іске асырылды. 58 адам Кайдзен жобаларына белсенді қатысқандары үшін мадақтама алды, оны жүзеге асыру барысында Кәсіпорын айтарлықтай техникалық-экономикалық нәтижеге қол жеткізді, - деп атап өтті инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директор – Өскемен ЖЭО-дағы Кайдзен бағдарламасының кураторы Данияр Нугуманов.

Кайдзен жобаларының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Келешекте де шығармашылық және пайдалы идеялар мен оларды жүзеге асыруды тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz