Игi миссия
2021 жылы 14 қаңтарда Өскемен ЖЭО қызметкерлері Облыстық қан орталығына қан тапсырды. Қайырымдылықтың мақсаты, ең алдымен, әріптестерінің жақын туысына көмектесу болды.
Бірақ кез-келген қан тобы қабылданғандықтан, болашақта бұл қан және оның компоненттері донорлық қор ретінде қызмет қолданылады және бірнеше адамның өмірін сақтауға көмектеседі. 39 қызметкер жалпы 17 литр қан тапсырды:
Ольга Ескерова, ТМҚ есепшісі: «Мен үшінші рет донормын, қан тапсырғаннан кейін денсаулығым тіпті жақсарады. Донорлық тек қанға мұқтаж адамдарға ғана емес, сонымен қатар белгілі бір аурулармен, мысалы, қан қысымы мен жоғары гемоглобинмен ауыратын донорлардың өздеріне де көмектеседі, өйткені қан тапсырғаннан кейін бұл көрсеткіштер қалыпқа келеді».
Сәуле Қадырханова, автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша электр слесарі: «Өте жақсы акция! Жақсы іс жасадық. Барлығына денсаулық тілеймін!»
Марат Даутов, автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша электр слесарі: «Бүгін мен бірінші рет қан тапсырдым! Менің ойымша, жақсылық жақсылық болып оралады!»
Сырым Өмірзақов, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері: «Мен қан құюға мұқтаж адамдарға көмектескім келгендіктен донор болдым. Менің қаным біреудің аман қалуына, денсаулығын немесе өмірін сақтауға көмектеседі деп үміттенемін».
Кәсіпорында үнемі қан тапсыратын құрметті донорлар бар: Артем Сибик, Неля Абдрашитова, Артем Пономарев, Николай Панасюк, Мухтар Тогузов, Иван Солодянкин, Ануар Бекенов.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жауаптылығы мен бей-жай болмаулары, облыстық қан орталығы басшылығы мен мамандарының көмегі табысты әрекетке ықпал етті. Барлығы бұл пайдалы және қажетті іс-шара екенін және оны жиі жасау керек деген пікірге келді. Біздің әріптесіміз, техникалық диагностика зертханасының қызметкері Дастан Бекенов станцияның барлық қызметкерлеріне және оның әкесі үшін донор қанын жинауға көмектескені үшін кәсіпорын басшылығына және өз бөліміне жеке алғысын білдіреді. Бекенов Мұхтар Қанафиянұлына тезірек сауығып кетуді, оның отбасына рух күшін, ал қаламыздың барлық тұрғындарына денсаулық пен бақ-береке тілейміз!