Қалдықтарға – екінші өмір!
Қалдықтарды жою мәселесіне назар жыл сайын артып келеді.
ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қалдықтарды 6 айдан аспайтын уақытқа сақтауға рұқсат етіледі. Міндетті талап - бөлек сақтау және көлемді азайту.
Дұрыс сақталмаған қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Егер қалдықтар сұрыпталатын болса, зияны да азаяды. Өйткені олардың кейбіреулері қайта өңделеді, ал кейбіреулері табиғи жолмен ыдырайды. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде экологиялық талаптарды сақтауға арналған Қалдықтарды басқару бағдарламасы бар. Кәсіпорын өндірістік және тұтыну қалдықтарын сақтауға арналған алаңдармен жабдықталған. Қалдықтардың әр түрі үшін контейнерлер сатып алынды, олардың ішіндегіге сәйкес таңбалау қолданылады. Біз пластмасса, шыны қалдықтарын, электронды сынықтарды, механикалық резеңке бұйымдарын, металл сынықтарын, қалдық майлар мен құрамында сынап бар шамдарды сұрыптаймыз. Ковид-19-ға қарсы профилактикалық шаралар енгізілген кезден бастап станцияда қолданылған респираторлар мен бетперделерге арналған арнайы қоқыс жәшіктері пайда болды. Қалдықтар жинақталған сайын, ол қайта өңдеуге мамандандырылған ұйымға беріледі, оған екінші өмір беріледі», - дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің эколог-инженері Еркежан Мерекенова.
Өскемен ЖЭО жыл сайын өңдеуге 2 тонна макулатураны тапсырады. Бұл 20 -ға жуық ағашты кесуден сақтайды. Қалдық қағаз контейнерлік және қаптамалық картонға, шатырға, оқшаулауға және басқа құрылыс материалдарына екінші реттік шикізат ретінде қолданылады.
Кәсіпорынның әрбір бөлімшесінде мамандандырылған ұйымдарға жеткізу үшін қалдықтардың ай сайынғы есебін жүргізетін қызметкерлер тағайындалған. Кәсіпорын персоналы мен мердігерлер мерзімді түрде қалдықтармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтардан өтеді.
Бұл шаралардың барлығы өндірістеu3 экологиялық мәдениетті сақтауға көмектеседі. Ал Сіз қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін қалдықтарды сұрыптап, кәдеге жаратасыз ба?