Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/27.08.20/ugol.jpg

Көмірмен көмектестік

| Жаңалықтар

2020 жылғы 26 тамызда Өскемен ЖЭО «Ардагерлер үйіне» 15 тонна көмір жеткізді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС осы «Обитель» жеке мекемесіне бес жылдан астам уақыт аралығында көмек көрсетіп келеді.

Екі қабатты үйге жете бергенде, Өскемен ЖЭО жұмысшыларын шаруашылық меңгерушісі Денис Пилипенко мен он жеті зейнеткерге қамқорлық көрсетіп отырған оның жұбайы Ольга қарсы алды. Денис Анатольевич өзінің және «Обитель» мекемесінің директоры Галина Николаевна Пилипенконың атынан көрсетілген көмек үшін станцияға алғысын білдірді, өйткені, осы көмір мөлшері қысты жылулықта өткізуге жетеді. «Қазір жақсы – ардагерлерімізге далаға шығуы үшін де, көмірді ашық ұстау үшін де ауа райы қолайлы болып тұр. Келешекте көмір қоймасын салсақ деген ойымыз бар», - деп Денис Пилипенко жоспаларымен бөлісті. Ольга Пилипенко шағын демалыс учаскесін, сол жерде қызанақ өсіретін жылыжайларын көрсетті. «Біздің аталарымыз бен апаларымыз әрдайым үй көкөністерімен және жаңа піскен аспен тамақтандырылады. Олар үшін қолайлы жағдайларды жасауға тырысамыз». Айта кетсек, әрқайсының келіп көмектесіп тұратын туыстары бар.

Дәлізде суреттер ілініп тұр, тұрғындар теледидар қарайды, бірінші қабатта орналасқан асханаға жиналып, тамақтанады. Барлық бөлмелерде бейнебақылау камералары орнатылған, солар бойынша қарт адамдардың жағдайларын оларды мазаламай бақылауға болады. Аға буынға осындай қамқорлық жасап, көмектесу – бұл үлкен жауапкершілік пен зор мейірімді іс.

Өскемен ЖЭО жылу беру маусымына дайындығын жалғастыруда, сонымен қатар, көмек көрсету шараларынан да тыс қалмайды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz